13:49, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанның маусымның басынан бері 17 адам қырым қанды безгегін жұқтырып алды
ШЫМКЕНТ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаметінің зертханасы адамның қырым- қанды безгегін жұқтыруының тағы бір оқиғасын растады.

«Отырар ауданының тұрғыны орталық аудандық ауруханаға тамыздың 2-сінде түскен. Оның сөзіне қарағанда, ол шілденің 29-ында ауыра бастаған. Әлсіреген, іші өтіп, мұрнынан қан кеткен», - дейді департамент бастығының орынбасары Жұмағұл Медетов.
Аурухана дәрігерлері аурудың белгілеріне сүйене отырып «қырым қанды безгегі болуы мүмкін» деген диагноз қойған және науқасты дереу емдей бастаған. «Ал біздің зертхана олардың диагнозын қуаттап отыр. Бұл жылдың басынан тіркелген 17-ші оқиға, оның үшеуі кісі өлімімен аяқталды», - дейді Ж.Медетов. Маманның айтуынша, биылдыққа кене шаққаннан кейін 13 мыңнан астам адам дәрігерлерге көрінген.