Оңтүстік Корея Президентінің Қазақстанға сапары барысында екіжақты қатынастарды дамытудың іс-қимыл жоспарына қол қойылады

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Оңтүстік Корея Президенті Ли Мён Бактың Қазақстанға алдағы сапары барысында екіжақты қатынастарды дамытудың іс-қимыл жоспарына қол қойылады.
None
None
Бұл туралы Ақордадағы брифингіде осы елдің жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Ли Бён Хва айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біздің президенттің алдағы сапары барысында екіжақты қатынастарды дамытудың іс-қимыл жоспары қабылданады. Бұл екі елдің дамуына үлес қосатын біз үшін де өте үлкен оқиға», - деді ол сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін. Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «жақын арада болатын Бак мырзаның ресми сапары екіжақты қатынастарымызды одан әрі дамытуға жәрдемдесетіні, сауда айналымын ұлғайтуға және саяси іс-қимылымызды өрістетуге жақсы серпін беретіні сөзсіз», деп атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ оңтүстіккореялық әріптестердің экономиканы әртараптандыруға, өңдеу салаларын дамытуға және экспортқа бағытталған өндірістерді құруға қатысуына Қазақстанның мүдделі екенін білдірді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум