Оңтүстікқазақстандық мұғалім еліміздің үздік педагогы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ОҚО орталығы - Шымкентте «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов барша ұстаздарды айтулы күнмен құттықтап, елеулі еңбек еткен үздік педагогтарды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
None
None

Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауда облыстағы №3 Кентау қазақ-түрік ер балалар лицейінің ұстазы Құралай Әпет Амантайқызы «Үздік педагог» номинациясына ие болып, 1,5 млн теңгеден астам қаржылай сыйлық алды. Ол бұл сыйлыққа оқыту мен тәрбие ісінде инновациялық әдістерді қолдана отырып, шәкірттеріне сапалы білім және саналы тірбие берудегі жетістіктері үшін берілді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, оның оқушылар республикалық, облыстық білім жарыстарына белсенді қатысуда.

Оңтүстік Қазақстанда 585 мың оқушы болса, оларға 63500 ұстаз білім береді. Бұлардың 53 пайызы жоғары және бірінші санаттағы педагогтар. Ал мұғалімдердің 20 пайызы жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Облыста биыл 54 білім ордасының құрылысы жүріп, пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 7 нысан ашылады.

Соңғы жаңалықтар