Оңтүстікте Ш.Аймановтың 100 жылдығына арналған апталық өтуде

Шара аясында қазақ киносының саңлағы Шәкен Кенжетайұлының өзі түскен кинотуындылары мен шығармашылығын шыңдаған режиссерлік еңбектері көпшіліктің назарына ұсынылып жатыр.
Кино апталығын қолға алған «Оңтүстікфильм» мекемесі мамандарының айтуынша, олар әйгілі режиссер Шәкен Аймановтың еңбектерін көпке тегін ұсынумен ғана шектелген жоқ.
«Біз Ш.Аймановтың 100 жылдығына орай 7 минуттық деректі фильм түсірдік. Онда режиссердің өмірі мен шығармашылығы, газет-журналға шыққан еңбектері да айтылды. Енді туындыны жергілікті телеарналарға таратамыз», - дейді «Оңтүстікфильм» МКМ бас кинотанушысы Алтынай Қарабалаева.
Айта кетейік, қазақ киносының саңлағы Шәкен Кенжетайұлының өзге де фильмдері аптаның соңына дейін «Оңтүстікфильм» мекемесінде арнайы кесте бойынша көрермен назарына ұсынылады, деп жазады Отырар.кз.