Оңтүстікте тоқыма кластері қайта жаңғырды

Шараға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Айталиев,«Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Сисембаев және «Textiles.kz» компаниялар тобының Президенті Шолпан Жарасова қатысты.
«Облыс әкімдігі «Бәйтерек» холдингі Қазақстанның Даму Банкі және Инвестициялық Қорымен бірлесе отырып ортақ тетік тапты, соның арқасында бүгін өндірісті қалпына келтіру мүмкіндігіне қол жеткіздік. Тоқыма фабрикаларының іске қосылуы мақта бағасының тұрақталуына да ықпал ететін болады. Қазірдің өзінде кәсіпорын 20 мың тонна мақта сатып алып отыр. Келесі жылы облыс әкімдігі мақта шикізатына гарант болып, алдын ала фьючерлік әдіспен сатып алуды қарастыруда», - деді облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев.
Бұл кәсіпорындар 2012 жылы «Textiles.kz» компаниялар тобының «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру-2020» бағдарламасына енгізілген болатын. 2014 жылғы мамыр айында Экономиканы жаңғырту бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен «Textiles.kz» компаниялар тобының міндеттемелері бойынша құқықты «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамынан «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» акционерлік қоғамына беру мақұлданды. Өз кезегінде, Қазақстанның Даму Банкі «Capital logistics» серіктестігіне жалпы құны 64,5 млн. АҚШ долларын құрайтын несие желісін берген. Оның ішінде, 5 млн. АҚШ доллары - «Ютекс kz» АҚ кешені өндірістік құрылысының аяқталуына жолданса, қалған 59,5 млн. АҚШ доллары - «Меланж», «Ютекс» және «Ютекс kz» акционерлік қоғамдарына мақта талшықтарын сатып алуы үшін жолданады.
Шымкенттегі «Меланж» және «Ютекс» акционерлік қоғам фабрикаларының іске қосылуынан өндіріс қуаттылығы жылына 17,8 мың тоннаны, ал дайын тоқыма өнімі жылына 8,4 млн метр бойын құрайтын болады.
Ал, құрылысы 2016 жылы аяқталатын «Ютекс kz» фабрикасы іске қосылғанда жіп өндірісінің қуаттылығы жылына 8,4 мың тоннаны құраса, дайын тоқыма өнімі жылына 10,6 млн.метр бойын құрайтын болады дейді олар. Сондай-ақ бүгінгі таңда фабрикаларда 400-ден астам адам жұмыс істейді және аталған үш тоқыма кәсіпорындары толыққанды өндірістік қуаттылыққа шыққаннан кейін 2000-нан астам адам тұрақты жұмыс пен қамтамасыз етілмек.
Кәсіпорындар шығарған өнімнің 30 пайызын Қазақстанның ішкі нарығы тұтынса, қалған 70 пайызын Қытай мен Еуропа елдеріне экспортталады. Қазіргі уақытта «Қазақстан Темір Жолы» төсек-орын тыстары мен арнайы киімдерді сатып алуға ұзақмерзімді келісімшартқа отырған.