ОПЕК: Мұнай бағасы тағы да құлдырауы мүмкін, өйткені нарық көрсеткіштері әлсіз күйінде қалып отыр

ӘБУ-ДАБИ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Мұнай бағасы тағы да құлдырауы мүмкін, өйткені нарық көрсеткіштері әлсіз күйінде қалып отыр.Бүгін Мұнайды экспорттаушы елдер ұйымдарын (ОПЕК) зерттеу директоры Хасан Кабазар осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «қазіргі бағаның өсуі іргелі көрсеткіштердің емес, инвесторлардың арқасында орын алып отыр»,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.Х.Кабазар сондай-ақ дамыған елдердегі мұнайдың қоры 200 млн. баррельдің орташа деңгейінен асатынын айтты. Сонымен қатар, тағы 130 млн. баррель бүкіл әлем бойынша танкерлерде сақталып отыр.Алайда 2009 жылғы маусымның 2-сінде мұнайдың бағасы бір баррель үшін 68 доллардан төмендеген.
Соңғы жаңалықтар