Орал әуежайын мемлекет меншігіне қайтару керек - Н.Ноғаев, БҚО әкімі

ОРАЛ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Орал әуежайын мемлекет меншігіне қайтару керек. Бұл туралы 18 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов онлайн режімінде еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту,
None
None

соның ішінде аумақтық әуежайларды пайдалану мәселесіне қатысты тиісті ведомство басшыларымен және облыс әкімдерімен өткізген селекторлық жиналыс кезінде БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Облыс басшысы Орал әуежайының бү­гін­гі адам аярлық ахуалы жөнінде осыдан бірнеше күн бұрын жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орын­басары Бақытжан Сағынтаевқа айтып, мәселе көтерген болатын.

1972 жылы пайдалануға берілген Орал әуежайы соңғы рет 2003 жылы күрделі жөндеуден өтіпті. Әуежайдың қазіргі қожайындары өз міндеттемелеріне селқос қарап, ұшу-қону жолағының мезгілінде жөнделіп тұруына тиісті қаржы бөлмеген. Бүкіл еліміз бойынша әуе жолаушыларының саны көбейе түссе, Оралда жағдай керісінше қалып­тасқан. Мысалы, 2011 жылы Орал әуе­жайы арқылы 160 240 жолаушы ұшса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 144 744-ке құлдыраған.

-Жыл өткен сайын әуежайдың ұшу-қону жолағы азып-тозып барады. Ұшақтарды қондырып-ұшырудың өзі үл­кен мәселеге айналды. Осының себебінен 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап "Эйр Астана" өз ұшақтарын Орал­ға қондырмайтын болды. Жүк тасымалы мүлдем тоқтады. Мұның бәрі облыс экономикасының дамуына кедергі. Қазір біздің шетелдік инвесторлар Оралға келу үшін көршілес Атырау мен Ақтөбеге немесе Ресейдің Самара мен Орынбор қалаларына қонады. Іскер адамдарға қиындық туып отыр, - деді Нұрлан Асқарұлы.

Облыс әкімі мәселенің шешілу жолы әуежайды мемлекет меншігіне қайтару екендігін қадап айтты. Себебі әуежай акционерлерінің ұшу-қону жолағын жөн­деуге қаржы бөлетіні туралы уәдесі бірнеше жылдан бері уәде күйінде қалуда. Сондықтан өз міндетін орындамаған акционерлерден әуежайды мемлекет меншігіне қайтып алу немесе Оралдан жаңа әуежай салу керек.

Бұл мәселені өзара ақылдасып, шешу жөнінде Премьер-Министр Көлік және коммуникация министрлігі, Қаржы министрлігі, Бас прокуратура және Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар