Орал қалалық прокуратурасы мекемеде жұмысқа қабылдауда заңсыз артықшылық көрсету фактісін анықтады

ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық прокуратурасы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған Орал медициналық-әлеуметтік мекемесінде қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде заңсыз артықшылық көрсету фактісін анықтады.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, атап айтқанда, мекеме директоры Мәлік Ниязов биылғы ақпанның 12-сінде арнайы білімі мен қажетті жұмыс өтілі болмаса да, А.Хабибуллинді әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ретінде жұмысқа қабылдаған. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылық болып табылады. Сол себепті директор бұйрығының күші жойылып, оны тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс жасалды.

Соңғы жаңалықтар