16:49, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Орал қалалық жедел жәрдем стансысы жаңа автокөліктермен толықты
ОРАЛ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мамырдың 7-сінде Орал қалалық жедел дәрігерлік жәрдем стансысына 14 жедел жәрдем автокөлігі табыс етілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 31,2 млн. теңге бөлінген. П.Атоян атындағы стадионда көлік кілттерін салтанатты түрде табыс еткен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев стансы қызметкерлерін Жеңіс мейрамымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.