Орал қаласы туралы үздік әнге байқау жарияланып отыр

ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы туралы үздік әнге (әнұран) байқау жарияланып отыр.
None
None

Байқау талаптарына сәйкес туынды салтанатты түрде орындалатын, қаланың өткені мен бүгінін, ертеңін, кескін-келбетін, адамдарының мақсат-мұратын көркем бейнелейтін шығарма болуы тиіс. Әндер тамыздың 20-сына дейін қабылданып, үздік жеті туынды іріктеледі. Қала әкімінің орынбасары Талғат Нығметов пен белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева бастаған комиссия көрермен пікірін де ескермек. Үздік ән қыркүйек айында өтетін қала күнінде тұңғыш рет орындалмақ. Байқау жеңімпаздарына 150 мың теңге және жүлдегерлерге ынталандыру сыйлықтары табыс етіледі.

Қала күніне арналған Ақжайық пен Орал қаласы туралы әндер жинағы да (құрастырушы - композитор, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов) әзірленуде. Оған елге танымал авторлар мен әуесқой сазгерлердің шығармалары мәтін-ноталарымен тұңғыш рет топтастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар