Орал қаласы тұрғындарына жер телімдері Деркөл кенттік округі аумағынан беріледі

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 2003 жылы кезекке тұрған мыңнан астам қала тұрғындары жыл соңына дейін бекітілген тәртіп бойынша Деркөл кенттік округі аумағынан жер телімін алатын болды.
None
None

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ұйымдастырған басқосуда Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Мереке Разов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда аталған аумақты толық игеру үшін бюджеттен қаржы бөлінуде. Бір айта кететін жәйт, бұл маңдағы инженерлік-коммуникациялық құрылыс жұмысы тұрғындарға жер телімін бөлу ісімен қатар жүргізіледі.

ҚР Жер кодексінің 50-бабы бойынша 0,1000 га тегін жер телімі тек ҚР азаматтарына ғана бөлінеді, соған сәйкес жер алушылардың азаматтығы мұқият тексерілуі тиіс.

Аталмыш жиынға қатысқан Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Виталий Кушнер жаңа тұрғын үй құрылысының бекітілген эскиздік жобаға сәйкес өрт қауіпсіздігі ережесіне және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда ҚР Үкіметінің 2008 жылғы мамырдың 19-ындағы №472 қаулысына сәйкес Орал қаласына жақын маңдағы аумақтар айқындалуда. Жыл соңына дейін қалаға жақын орналасқан Зеленов және Теректі аудандарына қарасты кейбір аумақтар қала қарамағына өтіп, есепте тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін беріледі. Осы жерлерге үй құрылысын жүргізіп, қоныстанған азаматтар қала тұрғынына айналады.

Соңғы жаңалықтар