Орал қаласында бір күнде екі адам есірткімен ұсталды

ОРАЛ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Көкнәр» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Орал қаласында қазанның 29-ында екі адам есірткімен ұсталды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Чапаев затоны маңында бұдан бұрын да есірткіні заңсыз сақтап, сатқаны үшін ҚР ҚК 259-бабы бойынша сотталған 1976 жылғы Л. деген азамат қолға түсті. Одан сараптама қорытындысына сәйкес 1,4 грамм героин мен 1 кг 645 грамм марихуана табылған. Ал «Лада» кафесі жанында тұтқындалған 28 жасар И-ден 1,6 грамм героин тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар