Орал қаласында дүниеге келген үшем мен олардың анасы ерекше күтімге алынды

ОРАЛ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Орал қаласында дүниеге келген үшем мен олардың анасы Жанна Құрмашева ерекше күтімге алынды.
None
None

Облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Тәрбие Жұмашеваның айтуынша, жүктілік қиын жүріп, қан қысымы жоғары болып, жас ананың өміріне қауіп төнгендіктен, оны 30 сәуір күні ота жолымен жедел босандыруға тура келген. Оның үстіне шала туған сәбилердің салмақтары да жеңіл, 2400, 1380 және 1230 грамм болды. Олардың бәрі де - қыз балалар. Қазіргі кезде жағдайы орташа нәрестелер анасымен бірге, олар ерекше күтімге алынған.

Бұл - Ж.Құрмашеваның екінші босануы. Қалаға жақын Барбастау ауылында тұратын Нұрболат Әндіжановтың отбасында бір жас, бір айға толған Мадияр деген ұлы да өсіп келеді.

Батыс Қазақстанда үшемнің дүниеге келуі бір бұл емес. Бұдан бұрын да бірнеше рет осындай оқиға тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар