17:43, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Орал қаласында Елбасы тапсырмасына сәйкес балабақша салу ісі жалғасады
ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында Елбасы тапсырмасына сәйкес балабақша салу ісі жалғасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, биыл Оралға қарасты Желаев кентінде 140 орындық балабақша салынатын болса, Круглоозерныйда бой көтеретін бөбекжайдың жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады. Сонымен қатар жеке балабақша ашуға тоғыз адам ниет білдіріп отыр.
2008-2009 жылдары 10 балабақша, алты мектеп жанынан 11 шағын орталық іске қосылып, бұл қосымша 3 мың орын ашуға мүмкіндік берді. 2008 жылы балабақша кезегінде 5 мыңнан астам бүлдіршін тұрса, қазіргі кезде олардың саны 11 мыңға жуықтады. 2009 жылы балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 70 пайызды құраса, биыл мұны 82 пайызға жеткізу көзделіп отыр.