10:07, 07 Қаңтар 2012 | GMT +5
Орал қаласында еңбекке орналасуға өтініш білдірген 7 мың адамның 74 пайызы жұмыспен қамтылды
ОРАЛ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында өткен жылы еңбекке орналасуға өтініш білдірген 7 мың адамның 74 пайызы жұмыспен қамтылды.
Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 3500 адам тұрақты жұмыс орнын тапты. 420 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналасты. 655 адам жастар тәжірибесінен өтсе, 1743 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Бөлім мамандарының сөзіне қарағанда, қазіргі таңда жұмыс табу, әсіресе, жұмыс өтілі мен тәжірибесі жоқ жастарға қиынырақ тиіп тұр. Оның үстіне көбісі жалақысы 90 мыңға жуықтайтын орынға барғысы келеді.