Орал қаласында қарызы бар үйлерді жылудан айырып тастауда

ОРАЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Орал қаласында «Жайықжылуқуат» АҚ жылу үшін төлемді төлемегендерге қатаң шара қолдана бастады.
None
None

«Жайықжылуқуат» АҚ-ның коммерциялық директоры Вячеслав Солодиловтың айтуынша, тұрғындардың жылуға бережағы 800 миллион теңгеден асып жығылған. Оны 440 миллионға шегерген. Күні бүгін 170 миллион теңге сот арқылы өндірілмек, яғни сот орындаушылардың қолында.

Аталмыш мекеме өкілдері өткен жұма күні «Солтүстік-Шығыс» ауданындағы 15/1 және 15/2 тұрғын үйлерінде болып, қарыздары көп пәтерлерді жылу мен ыстық судан айырып тастады.

- Біз мұндай шараға бірінші рет барып отырмыз. Өйткені пәтер иелерінің бережақтары көбейіп кетті. Ең бастысы, оны қайтару ойларына кірмей отыр. 15/1-үйдегі 207-пәтер иесі Валерий Асановтың бережағы 160 мың теңгеге жетіпті.  Мұндай шараны басқа үйлердегі пәтер иелеріне де алдағы уақытта қолданатын боламыз, - деді Вячеслав Солодилов.

Осы 15/1-үйдегі 94-пәтер иесінің бережағы 1,8 млн. теңге, ал 15/2-үйдегі 110-пәтер иесінің бережағы 1,3 млн. теңгеге жеткен.

Соңғы жаңалықтар