Орал қаласында көлік ұрысы үш адамды қағып өлтірді

ОРАЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласында бірнеше кісі өліміне соқтырған екі бірдей жол-көлік оқиғасы орын алды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 23 ақпан күні сағат 17.30-да 47 жасар азамат «Фольксваген Пассат» автокөлігімен Әзербайжан көшесінен Жәңгір хан көшесіне қауіпсіздікті сақтамай өтіп, «Опель Вектра» көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы алған «Опель Вектра» «Сузуки Витара» көлігіне барып соқтыққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алған «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі облыстық ауруханаға жеткен соң көз жұмған. «Опель Вектра» жүргізушісі аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілсе, «Сузуки Витара» көлігінің жүргізушісі дін аман.

26 ақпан күні сағат 00.04-те қаланың 6-шағынауданынан «Мазда» автокөлігін белгісіз біреу айдап кеткен. Көлікті заңсыз айдап кеткен жүргізуші Огородная мен Лесозащитная көшелерінің қиылысында үш жаяу жүргіншіні қағып, сол жерге көлікті тастап, оқиға орнынан бой тасалаған. Соның салдарынан жарақат алған 1961 жылғы, Ресейден апасының мерейтойына келген РФ азаматшасы оқиға орнында жан тапсырған. Сондай-ақ, сол күні кешкісін 60 жылдық мерейтойын тойламақ болған әйел де өз-өзіне келместен қайтыс болған. Апалы-сіңлілер шығарып салмақ болған 1954 жылғы көршісі облыстық ауруханаға жеткен соң көз жұмған. ІІД жол полициясы басқармасының қызметкерлері мен Орал қалалық ішкі істер басқармасының жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері аталған ауданды тексеріп, іздестіру шараларын жүргізу барысында Зеленов ауданы Жамбыл ауылының 29 жасар тұрғынын қолға түсірді. Күдікті айғақ заттар нәтижесінде әшкереленген. Оның үстінен ҚР ҚК 185-бабы, 296-бабының 3-тармағы және 297-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар