11:24, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Орал қаласында күрделі жөндеуден кейін екі бірдей балабақша пайдалануға берілді
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында күрделі жөндеуден кейін екі бірдей балабақша пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұлардың біреуі 140 орындық №41 «Ақ тілек» балабақшасы болса, екіншісі - 120 орындық №43 «Өркен» мектепке дейінгі ұйымы. Екі ғимарат та балабақшаға кері қайтарылып, жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеуден өткізілді. Бөлмелері жеткілікті, тиісті құрал-жабдықтармен, жиһазбен қамтылған балабақшаларда дәріс мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Ғимараттардың салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Елбасының бүлдіршіндерді балабақшамен қамту жөніндегі тапсырмасының өңірде орындалып отырғанын атап өтті. Қазіргі кезде БҚО бұл жөнінен республикада бесінші орында келеді. Мұндай жұмыс алдағы жылы да жалғасады.