08:30, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Орал қаласында оқушы қыз өзін-өзі өлімге қиды
ОРАЛ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы №43 орта мектепте оқыған Диана есімді қыз бала өзін-өзі өлімге қиды.
Оқиға өткен жексенбі күні орын алған. Мектеп директоры Райхан Биғазиеваның айтуынша, Диана мектепте жақсы оқыған, үлгілі шәкірттердің бірі болған. Әрі ата-анасының жалғыз қызы көрінеді.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот-медициналық сараптамадан кейін процессуалдық шешім алынатын болады.
Бұл - жыл басынан бергі үшінші суицид. Бұдан бұрын Оралдағы №28 мектепте оқыған қос құрбы көпқабатты үйден секіріп кетіп, қайтқан болатын.