Орал қаласында полиция қызметкері көлігімен үш жасқа толмаған баланы қағып кетті

ОРАЛ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Аталмыш жол-көлік оқиғасы 29 маусым күні кешкісін М.Шолохов көшесі бойында, «Тау» автокешені маңында орын алды.
None
None

БҚО ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Жасталап Сағадетовтің айтуынша, Орал қалалық ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, аға лейтенант Серік Сембиев «Ниссан Премьера» автокөлігімен жолға шыға келген ер баланы қағып кеткен. Сол бойда оны машинасына салып алып, облыстық ауруханаға жеткізген. Неше түрлі жарақатпен бала ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы жаман емес. Бұл оқиғаға баланы қараусыз қалдыру себеп болған. «Осы жұмыс» тапсырылған әкесінің інісі 29 жасар азамат мас күйінде дүкенге кетіп, баланы көшенің арғы бетінде қалдырған.

Медициналық тексеру көрсеткеніндей, жүргізуші айық болған, оған баланың ата-анасының қояр талабы жоқ.

Соңғы жаңалықтар