16:36, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Орал қаласында санитарлық тазалық айлығы өткізіледі
ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында сәуірдің 10-ы мен мамырдың 10-ы аралығында санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы өткізілмек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, мекеме-ұйымдар мен тұрғындар тазалық жұмыстарын атқаратын болады. Олар сәуірдің 17-сі мен 24-і күндері жалпықалалық сенбіліктерге шықпақ.
Биыл қала әкімдігінің бастамасымен «Сен туған қалаң үшін не істедің?» атты іс-шара да өткізілуде. Бұл шараның қорытындысы ай сайын шығарылып тұрады.
Осындай тазалық айлықтары аудандарда да ұйымдастырылуда.