09:59, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Орал қаласында сенбілік өтуде
ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін Оралда жалпықалалық сенбілік өтуде.
Оған ЖОО мен колледж, лицейлер, кәсіпорындар мен мекемелер ұжымдары белсене қатысуда.
Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразовтың айтуынша, биылғы көктем батысқазақстандықтар үшін оңай болған жоқ. Бұрын-соңды болмаған су тасқыны облыс орталығына да орасан зор зардап келтірді. Соған қарамастан, қала тазалығына жауап беретін коммуналдық қызметтер жұмысқа кірісті. Бұл жұмысқа барлық тазалаушы техникалар тартылып, қажетті қаржы бөлінді. Дегенмен қала тұрғындарының көмегінсіз бәрін ретке келтіру мүмкін емес. Соның ішінде су шайған жерлерді, орындарды тазалаудың маңызы зор. 30 сәуірде екінші сенбілік ұйымдастырылады. Мұндай шара кезінде тазалық жұмыстарымен қатар ағаштар да отырғызылады.