Орал қаласында «Шкода» автокөлігі үйге кіріп кете жаздады

БҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Динара Абдулқалықованың хабарлағанындай, машина руліне ие бола алмаған жүргізуші автокөліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, тайып тұрған.
Осы оқиғадан 30 минут өткеннен кейін жедел басқару орталығына аталған автокөліктің айдап әкетілгені жөнінде хабар түскен. Хабарласушы адам досына кіріп шығам дегенше, машинасының қолды болғанын айтқан. Бұл көрсетілген мекенжай оқиға орнынан 200 метр жерде екен. Жедел іздестіру шаралары барысында «Шкоданың» жүргізушісі, 1991 жылғы Орал қаласы тұрғынының мас күйінде тұрғын үйге «кіріп кетіп», жауапкершіліктен жалтару үшін автокөлігінің айдап кетілгенін хабарлаған. Ол «Шкоданы» сенімхатпен айдап жүрген.
Бұл - биыл Орал қаласында орын алып отырған осындай екінші оқиға.