Орал қаласында тағы бір балабақша іске қосылды

ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Желтоқсанның 28-інде Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде 240 орындық №42 «Алтын сақа» балабақшасы іске қосылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысып, тұрғындарды құттықтады. Балабақша ғимаратына Хайдар Қосжанов жетекшілік ететін «Болашақ» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Балабақша меңгерушісі Гүлбарам Сейдалиеваның сөзіне қарағанда, барлық бөлмелері қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жасақталған «Алтын сақада» 12 топтың әрқайсысында 20 баладан болмақ. Жетпіске жуық адам жұмыспен қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар