08:47, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы мектеп-интернат кешені 85 жылдығын атап өтті
ОРАЛ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернат кешені 85 жылдығын атап өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазанның 30-да мұғалімдер мен ата-аналарға арналған мерекелік концерт болса, қазанның 31-де 1-2-сынып бүлдіршіндері үшін музыкалық ертеңгіліктер, орта және жоғары сынып оқушылары үшін интеллектуалдық ойындар, пікірталастар, жас ақындар сайысы, түлектермен кездесулер, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Сәкен Сейфуллиннің ықпалымен 1924 жылы ашылған мектептен академик Асан Тайманов, мемлекет және қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова, ақын Ақұштап Бақтыгереева сынды елге танымал жандар тәрбиеленіп шықты.