20:54, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Орал қаласындағы «Зенит» зауытында су ығыстырымдылығы 500 тонналық кеме жасау жоспарлануда
ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-да су ығыстырымдылығы 500 тонналық кеме жасау жоспарлануда.
Облыс әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жобаның құны ? 840 млн.теңге. Бұдан бұрын аталмыш зауыт су ығыстырымдылығы 200 тонналық «Барыс»-«Сардар» кемесінің үлгісін дайындаған болатын.
Жалпы, Орал қаласында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар деп Төтенше жағдай министрлігі және шекаралық қызмет үшін кеме шығаратын «Зенит» зауыты мен «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтын атауға болады. «Гидроприборда» 2008 жылдың қыркүйегінде жылдамдығы жоғары екі «Шағала» кемесі жасалып, шығарылса, «Зенит» зауытында бұдан бір жыл бұрын шекара қызметіне арналған «Барыс» күзет кемесі жасалған болатын.