Орал қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді

ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 10-сессиясында 2013-2015 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізілді.
None
None

Атап айтқанда, республикалық бюджеттен бөлінген 45 млн. 67 мың теңге қала мектептеріндегі физика, химия, биология кабинеттерін жабдықтауға берілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 116 млн. 570 мың теңге бөлінді. Бұл қаржы қала көшелерін жаңғырту және аялдамалық павильон құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеу, жерге орналастыру жобаларын жасау сынды жұмыстарға жұмсалмақ.

Бүгінде қалада жер кезегінде 63 мыңдай адам тұр. Тағы 12 мың адам үй кезегіне тіркелген. Жер телімін беру үшін ол жерде инженерлік инфрақұрылым болуы керек. Егер жыл сайын 500-800 жер телімін инженерлік желімен қамтуға қаржы бөлінетін болса, өткен жылы кезекте тұрғандар 100 жылдан кейін жер алмақ. Сондықтан Орал қаласы аумағын кеңейту кезінде көп қабатты үйлер құрылысына баса назар аударылатын болып шешілді. Кезекте тұрғандарға көп қабатты үйлерден немесе таунхаустардан пәтер алу үшін кооператив құрып, қаржы жинақтауға мүмкіндік беріледі. Бюджеттік қаржы есебінен осындай бірнеше үйдің жобасы жасалмақшы.

Соңғы жаңалықтар