12:07, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Орал қаласының бюджеті 10 миллиардтай теңгеге ұлғайды
ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының бюджеті салықтар мен облыстық және республикалық қазынадан түскен трансферттер есебінен 10 миллиардтай теңгеге толықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл қаржының біраз бөлігі мектептерді күрделі жөндеуге, жаңа компьютерлер, мультимедиялық кабинеттер үшін жабдықтар алуға жұмсалады. Республикалық бюджет есебінен қалада әрқайсысы 320 орындық үш балабақша құрылысы басталады. Сондай-ақ үш балабақша күрделі жөнделеді. 5-ықшамауданда салынатын 900 орындық мектеп құрылысына 641 млн. теңге бөлінді. Биыл пайдалануға берілетін Желаев кентіндегі мектепті аяқтауға 286 млн. теңге қаралды. Мәдениет ошақтарын ретке келтіруге 608 млн. астам теңге бағытталмақ. Жалпы, абаттандыру, жасылдандыру жұмыстарына 2 миллиардтай теңге кетпек.