00:26, 10 Тамыз 2015 | GMT +5
Орал қаласының халқы соңғы бес жылда 31 мың адамға көбейді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының халқы соңғы бес жылда 31 мыңға көбейіп, қазіргі таңда 284 077 адамға жетіп отыр.
Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, дүниеге келгендер саны да артуда. Күн сайын облыс орталығында 16 сәби өмір есігін ашады. Ал 15-29 жас аралығындағы жастар саны 71 300-ді құрап отыр. Қала тұрғындарының орташа жасы - 33 жас, демек, Оралды жастар шаһары деп есептеуге болады.
Соңғы бес жылда қалаға 14,1 мың адамның көшіп келуі де тұрғындар санының өсуіне ықпал етуде.
Айта кетейік, облыстық статистика департаментінің деректеріне қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 631,8 мың адам тұрады.