Орал қаласының тағы бір тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды

ОРАЛ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Орал қаласының тағы да бір тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 74 жасар зейнеткерге  белгісіз біреу қоңырау шалған. Телефон тұтқасын көтерген оған белгісіз ер адам өзін полиция қызметкерімін деп таныстырады. Ол зейнеткерге оның немересі  қылмыс жасағаны үшін қазір уақытша тергеу изоляторына қамауға алынғаны жөнінде хабарлап, одан 200 мың теңге көлемінде ақша сұрайды. Тығырыққа тірелген әжей қолында тек 20 мың теңге ақшасы бар екенін жайып салады. Алайда әлгі алаяқ қалайда біреуден қарызға ақша сұрап бермесе, бәрі басқаша боларын, сот,  бас бостандығынан айыру орнындағы ұзақ мерзім күтіп тұрғанын айтып қорқытады. Ұзақ әңгімеден кейін немересінің «жанашыры» қолда бар сомаға келісетін болады. Сөйтіп, алаяқ зейнеткердің жасын ескере отырып  қайырымдылық жасаған болады. Ал әжей жігітке қалтасында бар ақшасын беріп құтылады. Жігіт болса, оның немересі бір сағаттан соң бостандыққа жіберілетіні жөнінде құр уәдеге сендіріп кете барады. Бір сағаттан кейін әжесі Алматы қаласында тұратын немересімен байланысқа шығады. Немересі әжесінің бар әңгімесін тыңдап, өзінің сол күні жұмыста болғанын және әжесінің айлакерлердің арбауына түскенін айтады.

Жәбірленушінің арызы бойынша аталған қылмысты ашуға ІІД, Орал қалалық ішкі істер басқармасы жеке құрамы қатыстырылып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. 

Полиция еуропа нәсілді, шамамен 20-25 жас аралығындағы, бойы 180-185 см., орта денелі жігітті іздестіруде. Үстіне қызыл жолағы бар күрең көк түсті күрте, ақшыл шалбар киген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум