17:36, 05 Қаңтар 2012 | GMT +5
Орал қаласының тұрғыны Рысқал Чукаева 102-інші жаңа жылын қарсы алды
ОРАЛ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының тұрғыны Рысқал Чукаева 102-інші жаңа жылын қарсы алды.
Ғасыр жасаған кейуананың немересі, белгілі спортшы, самбодан әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері Қоныс Жетпісовтің айтуынша, әжесі Тайпақ өңірінде 1910 жылы 1 қаңтарда өмірге келген. Кішкентайынан жетім өскен Рысқал әжей, 1942 жылы ері Жанқожа майданға аттанғанда, қарт енесімен және шиеттей екі баласымен жалғыз қалды. Ауыр бейнетті елмен бірге көтеріп, небір ауыр жұмыстарды атқарды. Қиын тұрмыстан қос перзентінің бірі шетінеп, қызы Күләнді тәрбиелеп өсірді. Ері майданнан оралмады.
Бүгінде шөпшек сүйіп отырған Рысқал әжей немересі Қоныс пен келіні Гүлшаттың қолында.