Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің 80 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті

ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің 80 жылдығына орай шағын футболдан жарыс мәреге жетті.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа барлығы 17 команда қатысты.

Турнир қорытындысында БҚО ішкі істер департаментінің «Динамо» командасы жеңімпаз атанды. Теректі колледжі екінші жүлдені еншілесе, Бөрлі колледжі мен Орал педагогикалық колледжі үшінші орынды бөлісті. Жеңімпаздарға кубок, медальдар, грамоталар табыс етілді. «Үздік бапкер» аталымына ІІД штабының инспекторы, полиция подполковнигі Сабыр Бөрпиев ие болды.

Соңғы жаңалықтар