«Орал су арнасы» мекемесінің 50 жылдығы аталып өтілді

ОРАЛ. 13 қазан. ҚазАқпарат -  12 қазан күні Жастар мәдениет сарайында «Орал су арнасы» МКК-ның 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға кәсіпорын ардагерлері арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді.
None
None

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген кәсіпорын басшысы Қайырғали Имашевтің айтуынша, мекеменің іргетасы 1962 жылы қаланған.

- Алғашында біздің мекеменің штатында 63 адам болған екен. Жұмыс ауқымы біртіндеп ұлғайып, қаланы таза ауыз сумен қамту желілері ұзарған сайын жұмысшылар саны өсе түсті. 2004 жылы «Орал су арнасы» деген атауды иелендік. Енді, міне, облыстағы барлық су тарату мекемелерінің басын біріктірген үлкен кәсіпорынға айналып отырмыз. Алда атқарар жұмыс көп. Баршаңызды мерейтоймен құттықтай келе, еңбектеріңізге жаңа табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді Қайырғали Имашев.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген қала әкімі Болат Шәкімов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Мерген Магутов және басқа да лауазым иелері кәсіпорын ұжымын құттықтап, тарту-таралғыларын тапсырды. Сонымен қатар ардагерлер мен еңбек озаттарына алғысхаттар мен мерейтойлық медальдар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар