18:12, 16 Қазан 2012 | GMT +5
Орал және Ақтөбе епархиясы қайта тіркеуден өтті
ОРАЛ. 16 қазан. ҚазАқпарат - БҚО дін істері жөніндегі департамент директоры Талғат Нығметов Орал және Ақтөбе архиепископы Антониймен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Православие шіркеуі Орал және Ақтөбе епархиясының қайта тіркеуден өткендігі айтылды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында орын тепкен 12 приход пен монастырь да қайта тіркелді.
Аталмыш епархияға Қазақстанның батыс облыстарындағы православиелік дін орындары кіреді.