13:15, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Оралда 103 жастағы А.Порушковаға құрмет көрсетілді
ОРАЛ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласында тұратын Агафья Порушкова 22 ақпанда 103 жасқа толып отыр.

Туған күн қарсаңында Агафья Илларионовнаны қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Валентина Юртаева қала басшысы Болат Шәкімовтің атынан құттықтап, денсаулық тіледі. Сондай-ақ сол округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Валерий Власов та қалыс қалған жоқ. Ғасыр жасаған жанға гүл шоғы мен сыйлық табыс етілді.
Жасы 103-ке толса да, Агафья әжей әлі тың. Бастан кешкен оқиғаларын айтып бере алады. Әуелі Азамат, сосын Ұлы Отан соғысының қиыншылықтарын, аштық жылдарын көзбен көріп, жүрекпен сезінген, ауыртпалығын көтерген Агафья Порушкова - бүгінде үлкен отбасының басы. Ұрпақтары жан-жақта тұрып жатыр.