Оралда 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасының жобасы талқыланды

ОРАЛ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасының жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды. Отырысты Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов жүргізді.
None
None

Президент тапсырмасына сәйкес аталмыш бағдарлама қолға алынғаны белгілі. Бұрын шара жұмыссыздармен ғана жүргізіліп келсе, енді оның аясы кеңейетін болады. Атап айтқанда, жұмыссыздарды, өзін-өзі қамтитын тұрғындарды оқыту, сондай-ақ кадрларды жұмысшы мамандықтары қажет жерлерге ауыстыру жұмысы жүргізілетін болады.

Депутаттың сөзіне қарағанда, ел тұрғындарының 2,7 млн. немесе 33 пайызы өзін-өзі қамтитын топқа жатады, соның 1 миллионы ауылдық жерде тұрады, бұлардың 11 пайызының ешқандай мамандығы жоқ. Аталмыш бағдарлама тұрғындардың білімін көтеріп, жұмысқа орналасуына, несие алып, шағын бизнесін дамытуына, жалгерлік жолымен баспаналы болуына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар