Оралда 50 жұмысшыға 3,591 млн. теңгенің жалақы қарызы өтелді

ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында «СПМК-123» ЖШС 2011 жылдың мамыр мен тамыз айларында 3,591 млн. теңге көлемінде жалақы төлемегендігін анықтады.
None
None

Қала прокурорының ұйғарымына сәйкес аталған мекеменің жұмысшылар алдындағы бережағы толықтай өтеліп, 50 адамның конституциялық құқығы қорғалды.

Соңғы жаңалықтар