17:08, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Оралда «Алтын дала» туриадасы мәреге жетті
ОРАЛ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық ынтымақтастық жылы аясында облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Еуразия» туристік-сауықтыру орталығында оқушылардың «Алтын дала» облыстық туриадасы мәреге жетті.
Туристік-өлкетану жұмысын ширату, жас ұрпақтың отаншылдық рухта тәрбиеленуіне септесу мақсатында ұйымдастырылған жаяу туризм техникасынан аймақтық жарыстарда жеңімпаз атанған 12 команда қатысты. Кросс-жорық, туристік кедергілерден өту, спорттық бағдарлау сынды жарыстар қорытындысында жалпыкомандалық есепте аға топтағылар арасынан Жәнібек ауданы оқушылары жеңімпаз атанса, ақжайықтықтар - екінші, бөрліліктер үшінші орынды иеленді. Орта топтан да Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек аудандары оқушылары жүлделерді бөлісті.
Жеңімпаз-жүлдегерлер сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды.