Оралда Астана күніне орай жастар арасында спорттық пэйнтболдан жарыс өткізілді
Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары облыстық штабы жетекшісінің орынбасары Азат Сағатовтың айтуынша, пэйнтбол (Paintball) - ағылшын тілінен аударғанда «бояушы шар» - экстремалды спорт жекпе-жектерінің жас түрі, ойыншылар бояулы шариктермен ататын арнайы пневматикалық қарулармен қаруланады.
Ойын ұрыс әрекеттерін жақын және орташа қашықтықта өте дәл белгілейді. Ойыншыға тиген шар жарылып, киімде түрлі-түсті белгі қалдырады. Ұрыс ашық та (орман, тау, арнайы жабдықталған полигондар), жабық та алаңдарда (бункерлерде, жертөлелерде, ғимараттарда) өте береді. Әуесқой ойындар қарапайымдалған ережелер бойынша жүргізіледі, турнирлік ұрыстардың қатаң регламенті және нақты жасалған тактикасы болады, онда әрбір сарбаз команда мүддесі үшін бір мақсатқа бағынады.
Бұл спорттық жарыс мақсаты - жастар бойында қазақстандық патриотизм, әскери дағдыны қалыптастырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Жарыс арнайы жабдықталған пейнтболдық базада өтті. Ойынға 4 команда қатысты. Әрбір командада 4 ойыншыдан болды. Жеңіс тұғырынан көрінген командаларға шағын сыйлықтар мен дипломдар, алғысхаттар табыс етілді.