12:11, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралда «АСТАНА.KZ» командасы өнер көрсетті
ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда «АСТАНА.KZ» командасы өнер көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап жүрген астаналықтар оралдықтар назарына өз әзіл-қалжыңдарын ұсынды. Сондай-ақ көрермендер сауалдарына ұтымды жауап қайырып отырды. «АСТАНА.KZ» КТК капитаны Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, еліміз қалаларына жиі-жиі өнер сапарына шығып жүрген команда соңғы кезде жастармен толығуда. Команда ардагерлерінің бірі Тұрсынбек Қабатов ? Батыс Қазақстандағы Жалпақтал топырағының түлегі. Кезінде халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесін иеленгеннен кейін Астана қаласына жұмысқа шақырылған болатын.