13:36, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Оралда аула аумақтарын абаттандыруға 700 млн. теңге бөлініп отыр
ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда биыл 75 аула аумағын абаттандыруға 700 млн. теңге бөлініп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары Владимир Дремасовтың айтуынша, аула аумақтарын абаттандыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанына үшінші жыл. Содан бері 120-дай қалалық аула ретке келтірілді. Абаттандыру жұмыстарына қатқыл табанды жол төсеу, жол жиегін дұрыстау, балалар алаңын орнатып, оны қоршау кіреді.
Оралда барлығы осындай 386 аула бар. Мұның бәрін реттеу үшін 1,5 млрд. теңге қажет. Дегенмен, дағдарысқа қарамастан, қаладағы барлық ауланы екі-үш жылда абаттандыру көзделіп отыр.