12:02, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралда «Айдыны бар Жайықтың әлдилеген талайды» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді
ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 65 жылдығына орай «Айдыны бар Жайықтың әлдилеген талайды» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үміткерлер алдымен ақын туындыларын мәнерлеп оқудан сынға түсті. Мұнда Оралға қарасты Серебряков орта мектебінен Әсел Талапқалиева бірінші орынды иеленсе, орыс тіліндегі байқауда №7 орта мектептен Павел Питерсков алда болды. Сондай-ақ А.Бақтыгерееваға арналған өз жырларын оқыған М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының оқушысы Шерхан Талапов пен №13 орта мектептен Айшат Жанболатова озық шықты.