16:36, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Оралда «Аймақтық БАҚ-тың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді
ОРАЛ. 19 қазан. ҚазАқпарат - «Қазконтент» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен мемлекеттік ақпараттандыру саясатын жүргізудің тиімділігін арттыру, мемлекеттік идеологияны, сонымен бірге ұлттық ақпарат көздерінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру, заманауи технологияларды қолдану бағытында бұқаралық ақпарат құралдарын ғаламторға шығару жөніндегі жобаны іске асыруда.
Осыған орай Орал қаласында аталмыш жоба аясында бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарын әзірлеу, дайын сайттарды ақпаратпен толтыру әдістерін оқыту бойынша семинар өткізілді.
Семинарды «Қазконтент» АҚ мамандары Әйгерім Жакина мен Жазира Ұлықпаева өткізді. Оған Батыс Қазақстан өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.