Оралда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жиын болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда облыстық білім, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері, Орал қалалық ішкі істер басқармасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары, жастар қанатының мүшелері оқушылармен, мектеп қызметкерлерімен құқықтық жауапкершілік төңірегінде пікір алмасып, жасөспірімдер сауалдарына жауап берді.
Мектеп-интернат директоры Қоныс Жетпісовтің айтуынша, балаға құқықтық ережелерді үйретумен шектеліп қалмай, оны күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру керек. Жиында оқушылар сала мамандарынан құқықтық кеңестер алып қана қоймай, пікірлерін де білдірді. Аула клубтары мен мәдени-спорттық үйірмелердің жұмысын жандандыру, секциялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, бұқаралық-спорттық шараларды кеңінен ұйымдастыру қажеттігі де айтылды.