13:48, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Оралда баласы есірткімен ұсталды деп, мәселені шешуге 300 мың сұраған алаяқ ұсталды
ОРАЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Орал қаласында 45 жастағы әйелдің үйіне ер адам қоңырау шалып, баласының есірткімен ұсталғанын айтады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мәселені шешу үшін әлгі «жанашыр» 300 мың теңге талап етеді. Жергілікті БАҚ-тан алаяқтар әрекетін талай рет естіген әйел, полиция қызметкерлеріне телефон соғып хабарлайды.
Жедел іздестіру тобы, полицейлер ақшаны алып жатқан жерінде Орал қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған азаматтың үстінен іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.