Оралда банк саласының ардагеріне ескерткіш тақта орнатылды

ОРАЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда соғыс және еңбек ардагері, көп жыл банк саласында қызмет атқарған Ғарап Абсатыров тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскер қатарына 1942 жылы шақырылған Ғарап Абсатыров 1-Украина майданында 58-атқыштар дивизиясы, кейін 150-дербес танк бригадасы құрамында жаумен шайқасты. Атақты Сандомир айқасына қатысты. Танк бригадасымен Чехословакия, Германия жерлеріне дейін барып, елге 1949 жылы оралды. Ұрыстардағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталды.

Ғарап Абсатыров 47 жыл бойы банк саласында қызмет етіп, абырой биігіне көтерілді. Бұл туралы ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының директоры Борис Ізбасаров және басқалар атап өтті.

Соңғы жаңалықтар