Оралда банкке 14 млн. теңгеден астам залал келтірген қызметкер айыпқа тартылды

ОРАЛ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) екінші деңгейдегі банк филиалдары бірінің аға несие офицері Н.Жакееваға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған қызметкер 21 тұлғаның басқа банктер алдындағы өтелмеген несиелерінің барын анық біле тұра, клиент туралы банктің электрондық мәліметтер базасына бұрмаланған мәліметтер енгізу және бұрмаланған баға белгілері енгізілген СТН көшірмесін пайдалану арқылы, «жеке-қолма-қол ақша» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 14 млн. теңгеден астам кепілсіз несие берген. Н.Жакееваның қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде банкке осыншама көлемде шығын келтірілді.

Орал қалалық сотының үкімімен Н.Жакеева ҚР ҚК 220 б. 1 б. (банктің бюджеттік ақшалай қаражатын заңсыз қолдану) бойыша кінәлі деп танылып, оған 3 айлық жалақысы мөлшерінде (210 мың теңге) айыппұл түрінде жаза белгіленді.

Соңғы жаңалықтар