Оралда Батыс құраманың әскери -қоғамдық ұйымдарының оқу-әдістемелік жиыны болды

ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында ҚР ІІМ ішкі әскерлері Батыс құрамасы активінің қатысуымен әскери -қоғамдық ұйымдардың оқу-әдістемелік жиыны болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оралда бірінші рет ұйымдастырылған аталмыш жиынға Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларынан жеке құрамның оқу-тәрбиесімен айналысатын әскери бөлімдердің өкілдері келді. Батыс құрама командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Рашид Ахметжанов атап өткеніндей, қазіргі кезде Елбасы Жолдауына сәйкес әскери қызметшілер алдына да үлкен міндеттер қойылып отыр. Екі күнге созылған жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырыптық кештер, дөңгелек үстел, дәріс, мәдени-демалыс шараларын өткізді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум