10:00, 14 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралда белгілі әнші Р.Стамғазиев «Дариға-дәурен» атты концертін қойды
ОРАЛ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Наурыздың 13-інде Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев «Дариға-дәурен» атты концертін қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Р.Стамғазиев алматылық сыншы, сазгер Тұрсынжан Шапайдың әндерін біраздан бері орындап келеді. Аталмыш концерт те оның танымал туындыларының бірінің атымен аталған.
Кешке сондай-ақ әншілер Ұлту Қабаева мен Сейіл Аяған қатысып, көпшілік қошеметіне бөленді.