Оралда белгілі балуан О.Қожагелдинді еске алуға арналған дәстүрлі жарыс өткізілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда өмірден ерте кеткен белгілі балуан Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған дзюдодан дәстүрлі жарыс өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күнге созылған турнирде жігіттер жеті, қыздар алты салмақ дәрежесінде күш сынасты. Қыздардан Г.Әлмұхамбетова, А.Ислямова, А.Елеусінова, П.Өтеева, А.Қазиева, А.Нұрғалиеваның бағы жанса, жігіттерден М.Нұрмұханов, С.Мирманов, Н.Аймұрашев, А.Жамбылов, Б.Салауатов, С.Ғұсманов, С.Махамбетовтің мерейі үстем болды.

О.Қожагелдин - кезінде облыстың бірнеше дүркін абсолютті чемпионы атанған спортшы. Турнирдің бас демеушісі, Оралбектің шәкірті Әділхан Үсенов жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар